«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ОБЛЫС АРДАГЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ


 

Облыстық кәсіпкер палатасы жанындағы іскер әйелдер кеңесінің өкілдері өңіріміздің ардагерлеріне арнап Халықаралық қарттар күні не орай дастарқан жайып, ас берді. Бұл шараға зейнет жасындағы 20 адам қатысты. Олардың барлығы да құрметті еңбек демалысына шыққанға дейін сан алуан салада қызмет атқарған. 

– Ардагерлер, қарттар мен қариялар асыл қазынамыз болып саналады. Себебі, олар зейнеткерлікке дейін еліміздің, өңірдің гүлденуі жолында қажырлы еңбек етті. Осындай жастағы адамдардың өмір жолы көпшілікке үлгі-өнеге. Мұндай шара алғаш рет өткізіліп отырғанын айта кету қажет, – дейді кеңес төрайымы Айтықан Қалғаева. 

Жалпы айтқанда, бұл ұйымның мүшелері әр мейрам сайын ардагерлерді айтулы күндермен құттықтап, қошемет көрсетеді. Мысалы, Ұлы Жеңіс күнінде олар Петропавл қаласы және облысымыздың аудандарында тұратын 80 жастағы қарт ардагерлердің, тыл еңбеккерлерінің үйлеріне барып, өздерінің жылы лебіздерін білдірген болатын.
Жиын соңы концерттік бағдарламаға ұласты. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай кездесулер алдағы уақытта жиі өткізілетін болады.
 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp