«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Облыс прокурорының орынбасары тағайындалды

 

Бас прокурордың бұйрығымен Солтүстік Қазақстан облысы прокурорының орынбасары болып Сәкен Сансызбайұлы Жорабеков тағайындалды.

   С. Жорабеков 1981 жылы Тараз қаласында туған. Алматы қаласындағы Қазақ мемлекеттік заң университетін бітірген.
   Прокуратура органдарындағы қызметін 2002 жылы Орал қаласы прокурорының көмекшілігінен бастаған. Әр жылдары Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қостанай облыстарының прокуратураларында және Бас прокуратурада қызмет атқарған.
  Осы тағайындауға дейін Бас прокуратура Құқықтық статистика және арнайы есепке алу басқармасының Жамбыл облысы бойынша бастығы болған.
  Прокуратура саласындағы еңбек өтілі – 18 жыл. Сыныптық шені – аға әділет кеңесшісі.


                                            Облыстық прокуратураның баспасөз қызметі.
 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp