Облыс әкімі Ерік Сұлтанов “WBA” нұсқасы бойынша уақытша әлем чемпионы атанған жерлесіміз Жанат Жақияновқа құттықтау жеделхатын жолдады. Онда:
“Қымбатты Жанат! Жеңісіңіз құтты болсын! Сіз венесуэлалық спортшымен сайыстағы барлық 12 кезеңде өз шеберлігіңізді көрсете білдіңіз. Сіздің мақсаткерлігіңіз, өзіңізге және өз күшіңізге деген сенімділігіңіз бұл кездесуде жеңімпаз атануыңызға жәрдемдесті.
Сіз барша жанкүйерлеріңіздің үмітін ақтадыңыз және әлемдік спорт аренасында Қазақстанның даңқын асырдыңыз! Осы уақытша әлем чемпионы атағы Сіздің алдағы жеңістеріңіз бен жетістіктеріңіздің кепілі болсын!” – делінген.
Зейнолла ӘКІМЖАНОВ,
“Солтүстік Қазақстан”.