«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ОТАНДАСЫМЫЗДЫҢ ЖЕҢІСІ

 

“Tour of Almaty – 2019” велододасы өз мәресіне жетті. Дәстүрлі сайыс екі күнге созылды. 

 

“Индустриалды парктен” бастау алған бірінші кезең 118 шақырымды құрады. Алғашқы тур жеңімпазы – “CCC Development Team” командасының өкілі Патрик Штох. Екінші таулы кезеңде шабандоздар 160 шақырымды бағындырды. Мәреге екі шақырым қалғанда “Astana Pro Team” велошабандозы Юрий Натаров, “Gazprom-RusVel” велoшабандозы Николай Черкасов және “Amore&Vita-Prodir” командасының өкілі Данило Челано негізгі топтан суырылып алға шықты. Сөйтіп, Челано кезең жеңімпазы атанса (3:51:57), Черкасов екінші (+0,01) келді. Натаров үздік үштікті (+0,04) түйіндеді.
Ал екі турдың қорытындысы бойынша отандасымыз Юрий Натаров “Tour of Almaty – 2019” турнирінің жеңімпазы атанды. Ол “Gazprom-RusVelo” командасының мықтысы Александр Власовтан – 26 секундқа, ал Челанодан 38 секундқа басым түсті.

 

 

 

 

 


 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp