Салин артемиясы — желбезекаяқтылар отрядына жататын ұсақ шаян. Оның жұмыртқасында ақуыз (белок) өте мол. Қазақстанда оны жинауға тыйым салынған. Салин артемия шаянының жұмыртқаларынан өте бағалы косметикалық бұйымдар жасалады. Оны Қытай, Малайзия, Сингапур мемлекеттері көптеп сатып алады. Мұндай шаяндар Мамлют ауданындағы Меңгесер тұзды көлінде көптеп кездеседі.
Жуырда осы көлдің иесі Меңгесер ауылының маңындағы су қоймасынан шаян ұрлау фактісі бойынша аудандық полиция бөліміне хабарласқан. Оқиға орнына жедел жеткен полицейлер шаян жинап жатқан Бескөл ауылының төрт тұрғыны мен петропавлдықты ұстады. Оқиға орнында шаян тәрізділермен толтырылған 33 қап табылды. Тағы үшеуі жақын маңдағы ауылдағы үйден алынды.
-Ұрлық фактісі негізінде Қылмыстық кодекстің 3-бөлігі 188-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тәркіленген заттардың жалпы салмағы 1347 килограмм болды. Шаян сатып пайда таппақ болғандардың табиғатқа келтірген шығынның мөлшері бір миллион теңгеден асты. Енді қолға түскен азаматтардың жазасын сот анықтайтын болады, – деді Мамлют аудандық полиция бөлімінің бастығы полиция подполковнигі Серік Әлжанов.