Петропавл қаласындағы “Черемушки” шағынауданындағы бесқабатты тұрғын үйдің пәтері отқа оранды. Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің жедел әрекет ету орталығына 17 сағат 48 минутта Интернационал көшесі, 30 мекенжайында орналасқан тұрғын үйдің төртінші қабатындағы пәтерден түтін шығып жатқаны туралы хабар түсті.
Оқиға орнына №3 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамы 4 минутта жетті. Дереу төртінші қабатқа көтерілген өртсөндірушілер пәтер есігін ашып, түтін арасынан адамдарды іздеуге кіріседі. Нәтижесінде пәтерден 1973 жылы туған ер адам мас күйде табылып, дәрігерлердің қарауына алынды.
Мамандар өрттің шығуына баспана иесінің темекі тартып жатып ұйықтап кетуі себеп болған деп болжап отыр.
Евгений ЖУРАВЛЕВ, облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің мемлекеттік тіл және ақпарат тобының жетекшісі.