ЕЛ БОЛАШАҒЫ — ЖАСТАР
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Жастар жылының ашылу салтанатына қатысты. Қазақстан Президенті іс-шара алдында жастардың киімдер, спортшыларға арналған тағамдар өндірісі мен интерактивті қызмет көрсету платформаларын құру жөніндегі бірқатар жобаларымен танысып, Үкіметке бұл бастамаларды жүзеге асыруды және ілгерілетуді ерекше бақылауға алуды тапсырды.