«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Памперс зиян ба?

– Памперс сәби үшін зиян де­генді естіп жүрмін. Ана­лар­ға, әсі­ресе, жас келін­шек­тер­ге ба­ла күтімінде қолайлы бол­ға­нымен, сәбидің денсау­лы­ғына зиян келтіріп жүрмей ме?

Динара ХАМЗИНА.

Петропавл қаласы.

Бұл сұраққа балалар дәрі­гері Эльдар Алханов жауап береді:

– Памперстің күнделікті өмірі­міз­ге енгеніне 50 жылдай ғана бол­ды. Қалай десек те, баланың дәрет та­залығына бірден-бір кө­мек құра­лы ретінде бір реттік жая­лықшаны қолдануға әбден әуес­теніп алдық. Былай қарағанда, пайдасы тиіп жат­қанымен, мұ­ның зиянды-зиянсыздығын әлі ешкім дөп басып айта алмайды. Балаға оны күндіз-түні ки­гізіп қою анаға оңай, ал сәбиге ше? Ата-ананың түн ұйқысын бұзбай­ды, қонаққа барса да қолайлы, күн­делікті жаялық жуудан қолы бос. Дегенмен, оның зиянды жа­ғын да естен шығармаған жөн.

Бір реттік жаялықшаны ер ба­ла­ларға қолдану тіптен зиянды. Пам­перс буланып, баланың бо­йында қоздырғыштық әсер туды­рып, ұрық жа­сушыларының құ­ры­лымына зиян тигізеді. Жая­лық­шаны күнде пайдалануға болмайды. Керегінде тазалыққа қолданатын көмекші құ­рал деп қана түсінген дұрыс. Оны ба­ланы емізердің алдында немесе со­­ңында ауыстырған жөн. Қыды­ру­ға шығарда, не келген соң, ұйық­т­ар алдында, не ұйқыдан оян­ғанда, бол­маса дәретке оты­рысымен ауыстыру керек. Кей­бір ата-аналар баланы 3-4 айлы­ғында тосып үйре­теді. Бұл өте дұ­рыс. Өйткені, бала осы әдіске ма­шықтанып, горшокқа да тез үй­реніп кетеді.

Дайындаған

Гүлден СИМБАЕВА,

М.Қозыбаев атындағы СҚУ-дің студенті.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp