2020 жылы Қытайдағы миллиардерлер саны 30 пайызға өсті.
Хурун ғылыми-зерттеу институты Қытайдың 2020 жылға арналған бай адамдарының тізімін жариялады. Онда қазір елде 878 миллиардер бар екені көрсетілген. Бұл өткен жылғымен салыстырғанда 257 адамға көп. Жарияланған мәліметтерге сәйкес, Alibaba негізін қалаушы Джек Ма үшінші жыл бойы Пони Ма мен Чжан Шаншаннан озып, бірінші орынды сақтап келеді.
Институт төрағасы Руперт Хугеверфтің айтуынша, COVID-19-ға қарамастан, кәсіпкерлер алдыңғы бес жылға қарағанда осы жылы рекордтық деңгейге көтерілді.
Есепке сәйкес, тізімдегі адамдардың орташа жасы 55 жасты құрайды, ал 256 адамның жасы 40-қа толмаған.
https://egemen.kz