13 қараша күні сағат 13.40-та №7 бағыттағы “MAN 202” маркалы автобустың 59 жастағы жүргізушісі екінші беттегі жолаққа шығып, қарсы келе жатқан №4 маршруттағы “Shaolin” маркалы автобусқа апаттық жағдай туғызған.
Нәтижесінде, “Shaolin” электр желісінің тірегіне соғылып, оны құлатты. Абырой болғанда зардап шеккендер жоқ, тек автобусқа механикалық зақым келтірілді. “MAN 202” автобусының жүргізушісіне қатысты Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекстің 610-бабы бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды.
Ағымдағы жылдың 10 айында Солтүстік Қазақстан облысының жолдарында 159 жол-көлік оқиғасы тіркелді. 30 адам қайтыс болып, 206 адам жарақат алды.