«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Президент Жарлығымен Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің ережесі мен құрылымы бекітілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің кейбір мәселелері туралы Жарлыққа қол қойды.

Құжатта Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі туралы ереже сондай-ақ агенттіктің құрылымы қоса берілген.
“Агенттікке Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің тауар биржалары саласындағы қызметті мемлекеттік бақылауды және лицензиялауды жүзеге асыру жөніндегі функциялары мен өкілеттіктері берілсін. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықтан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін. Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс”, делінген Жарлықта.


https://egemen.kz

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp