«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ПРОБАЦИЯ ҚЫЗМЕТІНІҢ КӨМЕГІ КӨП

Еліміздегі қылмыстық-атқару жүйесіне пробация қызметінің енгізілгеніне көп бола қойған жоқ. Бұл қызметтің мақсаты – шартты түрде бас бостандығынан айрылған азаматтарға әлеу­меттік-құқықтық қызмет көрсету. Атап айтар болсақ, түзу жолдан адасқандардың білім алуына, кәсіп меңгеріп, жұмысқа орналасуы­на ықпал жасау, ауырып қалса, дәрігер­лік көмек көрсетуді қамтамасыз ету бо­лып табылады. Әлеуметтік-құ­қықтық кө­мек әрқайсысының қажетті­лігіне байланыс­ты көрсетіледі. Про­ба­циялық қызметке жергілікті атқару­шы органдар, үкімет­тік емес ұйымдар жәрдемдеседі.

Бүгінгі күні облыстық қылмыстық атқару жүйесі департаментінің Мамлют ауданы бойынша пробациялық қызмет бөлімшесі сотталғандарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету бойынша нәтижелі жұмыс жүргізуде. Үстіміздегі жылдың 10 айында 21 жазасын өтеушіге қатысты жеке бағдарламалар жасалды. Бағдарламада олардың мұқтаждықтары көрсетіліп, осылайша біздің тарапымыздан қандай көмек түрі қажеттігі анықталады.  

Биыл жазасын өтеп шыққан 13 азаматтың жұмыс табуына көмектестік. Бұған қоса, денсаулық сақтау органдарымен бірге 21 сотталғанға психологиялық көмек көрсетілді, сондай-ақ, бір сотталған маскүнемдіктен емделуде. Тағы бір түзеу орнында мерзімі аяқталған азаматқа жеке басын куәландыратын құжаттарын рәсімдедік. Соңғы 10 айдың ішінде Мамлют ауданының пробация қызметі 42 жеке бағдарлама шеңберінде әлеуметтік-құқықтық көмек берді.

Мырзабек ОМАРОВ,

облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің Мамлют ауданы бойынша аға инспекторы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp