«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ПТР тестін тапсыру ай соңына дейін арзандайды

Қазақстандық зертханалар тәулігіне 48 мың ПТР-тест алуға қабілетті және бұл қуаттылық одан әрі арта түспек. Өңірлерге зертханалық жабдықтар жеткізілуде, мамандарды оқыту жұмыстары қолға алынды. Осы шаралардың барлығы зертханалардың жалпы қуатын тәулігіне 63 мың зерттеуге дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Денсаулық сақтау министрінің айтуынша, ведомство ПТР зерттеулерінің тарифтерін 22%-ға дейін төмендету бойынша ұсыныстар әзірленді. Бұл шығын материалдары нарығындағы бағаның төмендеуіне байланысты, атап айтқанда, жеке қорғаныс құралдары мен тест жүйелері арзандады. Тариф осы айдың соңына дейін бекітілуі тиіс.

 https://egemen.kz

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp