Ресей азаматы ПТР сертификатының болмауына байланысты Нұр-Сұлтан әуежайынан шығарылды. Бұл туралы көлік жөніндегі бас санитарлық дәрігер Садуақас Байғабулов «Facebook»-те хабарлады.
Оның айтуынша, бұл 21 қазанға қараған түні болған. Барлығы 871 жолаушысы бар 11 рейс елдің әуе портына келді, оның ішінде 679 адам сертификатпен, 192 адам сертификатсыз, оның ішінде:
Нұр-Сұлтанға – алты рейс, 513 жолаушы, сертификатымен – 355, сертификатсыз – 158;
Алматыға – төрт рейс, 276 жолаушы, сертификатымен – 242, сертификатсыз – 34; Ақтауға – бір рейс, 82 жолаушы, сертификаттары бар – 82.
Сертификатсыз келген Қазақстан азаматтары Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларындағы ПТР анализі үшін карантиндік ауруханаларға орналастырылды.
https://egemen.kz