«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

РҰҚСАТ КВОТАҒА САЙ БЕРІЛЕДІ

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі №983 қаулысымен бекітіл­ген мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы “Оралман мәртебесін беру немесе ұзарту” және “Еңбекке орналасуға шетелдік жұмысшыға рұқсат беру және ұзарту мен жұмыс берушілерге әкімшілік-аумақтық бірлігіне сәйкес аумақта еңбек қызметін жүргізу үшін жұмыс күшін тартуға рұқсат беру” сияқты екі мемлекеттік қызметті көрсетеді.

“Оралман мәртебесін беру не­месе ұзарту” мемлекеттік қыз­меті жергілікті атқарушы орган не­месе “Азаматтарға арналған үкі­мет” мемлекеттік корпорациясы” АҚ-ы арқылы тегін көрсетіледі. Мемле­кеттік органда немесе “Аза­мат­тарға арналған үкімет” мемлекет­тік корпорациясы” АҚ-да бұл қыз­метті алу үшін қажетті құжаттар: өтініш; өмірбаяны (ер­кін түрде жа­зылған); өтініш беру­шінің және оның отбасы мүшеле­рінің (бар болса) жеке басын куә­ландыра­тын құжаттардың көшір­мелері, нотариат куәландырған қазақ немесе орыс тіліндегі ау­дарма­сын (туу туралы куәлік, шетелдік паспорт, азаматтығы жоқ адам­ның куәлігі немесе этникалық қа­зақтардың шыққан елдерінің ар­найы органдарының басқа да рес­ми құжаттары); өті­ніш берушінің оралман мәрте­бесін беру немесе ұзарту қағида­лары 2-тармағының 3) тармақша­сында көзделген шарт­тарға сәй­кестігін белгілейтін құжаттардың көшірмелері.

Қазақстан Республикасының шетелдердегі мекемелері арқы­лы оралман мәртебесін беруге жергі­лікті атқарушы органның келісімін алған өтініш берушілер өтінішке бұрын берілген оралман мәртебе­сін беруге келісім туралы шешім­нің көшірмесін қоса береді. Өтініш берушілер оралман мәр­тебесін ұзартқан кезде Қазақстан Респуб­ли­касының азаматтығын оңайлатылған (тіркеу) тәртібімен алу мақ­сатында өтінішті және бұрын бе­рілген оралман мәрте­бесінің кө­шірмесін береді.

Құжаттар салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларда және көшір­мелерде ұсынылады, кейіннен құ­жаттардың түпнұсқалары (өмір­баянды қоспағанда) өтініш беру­шіге қайтарылады. Мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесі орал­ман мәртебесін беру кезінде оралман куәлігін беру, оралман мәртебесін ұзартқан жағдайда жер­гілікті атқарушы органның шешімі болып табылады.

Жұмыс берушілердің еңбек қыз­метін жүзеге асыру үшін жұмыс­пен қамтуды үйлестіру және әлеу­меттік бағдарламалар басқарма­сы берген рұқсат негі­зінде шетел­ден жұмыс күші тар­тылады. Бұл ретте Қазақстан Рес­публикасы Үкіметінің 2016 жылғы 15 желтоқ­сандағы №802 қаулы­сына сәйкес еңбек қызметін жү­зеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат талап етіл­мейтін адамдар­дың, оның ішінде Еуразиялық эко­номикалық одақ туралы 2014 жыл­ғы 29 мамыр­дағы шартқа қаты­сушы (Бела­русь Республикасы, Ре­сей Феде­рациясы, Армения Республи­касы, Қырғызстан Рес­пуб­ли­касы) мемлекеттердің аза­маттары бо­лып табылатын адам­дардың тіз­бесі белгіленді. Рұқсат­тарды бе­ру немесе ұзарту үшін жұ­мыс бе­рушілерден салық алымы алы­нады. Экономикалық қызмет­тің түріне және тартылатын шет­елдік жұмыскерлердің санатына бай­ла­нысты алым мөлшері 137 ай­­лық есептік көрсеткіштен бас­тап 250 айлық есептік көрсеткішке дейін өзгеріп тұрады.

Рұқсат халықты жұмыспен қам­ту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бөлген квота шегінде бе­ріледі. Жергілікті атқарушы орган берген рұқсаттар басқа жұмыс берушілерге жарамайды, тиісті аумақтық бірліктің аумағында ғана қолданылады. 2020 жылдың 1 қыркүйегіне дейін біздің басқар­ма қызмет алушыларға осындай 68 мемлекеттік қызмет көрсетті. Оралман мәртебесін беру неме­се ұзартуға, сондай-ақ, еңбек қыз­метін жүргізу үшін шетелдік жұ­мыс күшін тартуға төрт рұқсат берілді.

Алмаз ҚОШМАНОВ,

облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp