«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

РӨЛДЕ ҰЙЫҚТАУ ӨЛІМГЕ ӘКЕЛЕДІ

«Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы шеңберінде Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті патрульдік полиция батальонының қызметкерлері жедел медициналық көмек орталығының фельдшерлерімен бірлесіп «Рөлде ұйықтау» акциясын өткізуде.

Жыл басынан облыс жолдарында 143 жол-көлік оқиғасы тіркелді, салдарынан 7 адам қаза тауып, 200-і жарақат алды. Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қайғылы жағдайға жол бермес үшін полицейлер бірқатар алдын алу шараларын қабылдауға көшті.

Жуырда қараңғы түскен соң патрульдік полицейлер мен дәрігерлер облыс орталығынан шыға берісте – Астана-Петропавл трассасында көліктерді тоқтатуға көшті. Мақсат – жүргізушілердің қаншалықты шаршағанын тексеру, қажет болған жағдайда көмек көрсету. Көбінесе жүк көліктері мен көп орынды минивендер тоқтатылды. Әсіресе Қазақстанның басқа өңірлеріне бара жатқан және шетелден облыс арқылы транзитпен өтіп бара жатқан көліктерге баса назар аударылды. Ең алдымен сақшылар олардың хал-жағдайын сұрап, жүргізушілерге кофе, бауырсақ ұсынды. Бұдан бөлек, облысаралық, республикалық жолдардағы жағдай туралы сұрады. Ақ халаттылар қан қысымын өлшеп, қажет болған жағдайда дәрі-дәрмек берді.

Юрий КЛЫКОВ,

облыстық полиция департаменті ақпараттық саясат бөлімінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp