«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

САЙЫС АЛАҢЫНДА – ҚҰРЫЛЫСШЫ ҚЫЗДАР

Петропавл қаласындағы кәсіби колледжде “ЕС-164/6” түзеу мекемесінде жазасын өтеп жүрген қыз-келіншектер білім алады. Жақында олардың арасында байқау ұйымдастырылып, ең үздік қаптаушы-тақташы анықталды.

Сайысты өткізудің басты мақсаты – оқушылардың алған білімдерін шыңдап, кәсіби деңгейлерінің қандай дәрежеде екеніне іс жүзінде көз жеткізу. Аталмыш байқауға 6 адам қатысып, өзара бақ сынады. Бірінші тапсырма бойынша қатысушылар тест сұрақтарына жауап беріп, тақырыптық сөзжұмбақтар шешті. Практикалық сабақта сайыскерлер керамикалық тақтайдың үстіңгі жағын өңдеп, өз өнерлерін ортаға салды. Алған білімдерін жұмыс барысында жақсы қолданып, берілген тапсырманы тез және сапалы түрде орындап шыққан қатысушылар топ жарып алға шықты. Байқаудың нәтижесінде Ксения Ротарь жеңімпаз атанса, Инна Зорина екінші жүлделі орынға ие болды. Ал Баян Көшебенова үшінші орынды місе тұтты. Болашақ құрылысшылар арасында өткен сайысты өндірістік оқыту шебері Шолпан Жабатова ұйымдастырды.  

Бүгінгі таңда құрылысшы мамандарға сұраныс көп. Сондықтан да темір тордың арғы жағында алған білімдерін колледж түлектері бостандыққа шыққан соң қолданып, қоғамға пайда тигізеді деген үміттеміз.

Дастан АЛБАТЫРОВ,

Петропавл кәсіби

колледжінің мұғалімі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp