«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

САЛТ-ДӘСТҮР – ОРТАҚ ИГІЛІК

М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына орай “Қазақстан халқының ауыз әдебиеті мен дәстүрі” атты танымдық семинар өтті. Жиын барысында білім ордасының студенттеріне өзге этностар өкілдерінің бай мұрасы сахналық көріністер мен бейнероликтер арқылы таныстырылды.

Шара барысында жиналғандар назарына ақындар айтысынан үзінді, өзге этностар өкілдерінің ұлттық өнерлерін насихаттайтын түрлі бейнероликтер ұсынылды.  

Жиынға мұрындық болғандар – Қазақстан халқы облыстық ассамблеясының мүшелері мен білім ордасындағы Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының оқытушылары.

– Семинардың мақсаты жастарға әдет-ғұрып, салт-дәстүр арқылы елімізді мекендеген этностардың тарихына деген қызығушылығын ояту болып табылады, – дейді М.Қозыбаев атындағы СҚМУ құқық пәндері кафедрасының аға оқытушысы Ділбар Бегалина.

Самат ЕСМАҒИ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp