«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

САМОКАТ МІНГЕН ТОНАУШЫЛАР

Самокатпен жүрген екі тонаушының құрбанына айналдым деген 36 жасар қалалықтың арызына полицейлер бірден сене қойған жоқ.

 Алайда, жәбірленуші болған оқиғаны егжей-тегжейлі баяндап берген. Түн ортасында көшелердің қиылысында таныс емес жігіттер жұмыстан келе жатқан оны дауыстап шақырғанда ол жүрісін шапшаңдатып үйіне қарай асыққан. Бірақ самокаттағы жігіттер қуып жетіп, одан ақша талап еткен. Қарсылық танытқан оны бұзақылар ұрып-соғып, ұялы телефонын және құжаттары салынған портмонесін алып қойған. Жедел уәкілдер тонау жасалған аудандағы жатаханалардың бірін тексеру кезінде екі самокатты байқап қалып, оның иелерін анықтаған. Полиция қызметкерлері жиырма жасар екі қалалықтың тонауға қатысы бар екеніне күдіктенген. Ал жол қиылысындағы және үй маңындағы бейнекамералардағы жазбаларды зерделеу барысында күдікті жігіттердің тонауға қатыстылығы күмән тудырмаған. Біреуінен ұялы телефон, ал екіншісінен жәбірленушінің құжаттары алынды. Енді олар заң талаптарына сәйкес тиісті жазаларын алатын болады.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp