«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

САНДЫҚ ЖҮЙЕ – САПА КЕПІЛІ

 

Мемлекеттік органдардың ашықтығы мен есептілігін қамтамасыз ету, көрсетілетін қызмет сапасын арттыру мәселелері – маңызды міндет. Облыстық білім басқармасы мен оған бағынысты ұйымдар 36 мемлекеттік қызмет түрін көрсетеді. Өткен тоғыз айда көрсетілген қызметтер саны 50 мыңға жуықтады. 

Жергілікті тұрғындар арасында сұранысқа ие қызметтердің бірі – бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау бойынша 10475 қызмет көрсетілді. Тұрғындар тарапынан “Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою” қызметіне де сұраныс жоғары.

Қазіргі таңда жұмыстың ашықтығын арттыру мақсатында мемлекеттік қызмет көрсету саласы электронды форматқа көшірілуде. Бұл жаңашылдық білім саласында да кеңінен пайдаланылуда. Биылдан бастап ата-аналар балаларын бірінші сыныпқа электронды түрде жаздыра алады. Осы оқу жылында өтініштердің 7 мыңға жуығы электронды форматта, ал 1,7 мыңы қағаз түрінде қабылданды. Бұл балаларын мектепке жаздырғысы келетін ата-аналардың ғана емес, мектеп ұжымының да жұмысын айтарлықтай жеңілдетті әрі қызмет сапасы да жақсарды. Нәтижесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері азайып, тұрғындардың мемлекеттік қызметке деген сенімі артты.
Бүгінде тұрғындарға “электронды үкімет” порталымен жұмыс істеу дағдыларын түсіндіру жұмыстары жүзеге асырылуда. Облыстың 314 мектебінде өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары жұмыс істеп тұр. Биылғы жылдың қыркүйек айында Мемлекеттік қызмет істері агенттігі облыстық департаментінің ұсынысы бойынша мұндай бұрыштар Петропавл қаласындағы психологиялық-педагогикалық түзету және психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес кабинеттерінде ашылды. Онда кез келген адам өзіне қажетті мемлекеттік қызмет түрін алып, түрлі анықтамаларға тапсырыс бере алады.
“Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясының өңірлік филиалымен бірлесіп педагогтар мен студенттердің “үшінші тұлғалардың анықтама алу сервисі” порталын емін-еркін пайдалануы үшін оқыту семинарларын  өткізу жоспарланған.

 

Гүлмира КӘРІМОВА,
облыстық білім басқармасының басшысы. 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp