«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

САПАЛЫ ӨНІМ ӨТІМДІ

“Зенченко және К” коммандиттік серіктестігінің сүт зауыты бір ауысымда 50 тонна шикізатты қайта өңдейді. Зауытта сүт өнімінің 34 түрі шығарылса, оның 20-25 тоннасы күн сайын елордаға жөнелтіледі. Сапалы өнімімен астаналықтардың сұранысын қанағаттандыратын сүт зауыты сәуір айынан бері Ресейдің Қорған облысының нарығына да тауарлар жөнелтуде.

– Алғашқыда мұнда 800-900 килограмм сүт жеткізсек, бүгін бұл көрсеткіш 3 тоннаға дейін көтерілді. Қорған қаласында орналасқан “Петрополис” дүкенінің 11 сауда нүктесінде тауарымыз сатылымға шығарылады. Қорғандықтар тарапынан сұраныс зор, – дейді “Зенченко және К” КС сүт зауытының директоры Георгий Целых.

Көрші елге тауарды уақытында жеткізу үшін зауыт екі жүк көлігін сатып алған. Яғни, екі жаңа жұмыс орны ашылды деген сөз. Мұнда жұмысқа орналасқан Евгений Полулященко еңбек еткен екі айдың ішінде Қорғанға үш рет тауар апарыпты. 5 сағаттық жол жүргізушіге ауыр соқпаса да, ол шекарадан өткенде едәуір уақыт жоғалтатынын айтады. Ал тауарларының осындай сапарларға шыдас беруі үшін “Зенченко және К” КС сүт зауыты ультрапастерленген сүт өнімін шығаруды көздеп отыр. Мұндай өнімдерді 20 тәулік бойы сақтауға болады.

Риат ШОНИ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp