«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

САРАҢДЫҚ

Бірде Орынбай ақын жол жүріп келе жатып бір байдың үйіне ат басын тіресе керек. Шаңыраққа ілінген еті тұрады. Әлгі бай сараңдық жасап шешенге құр көже қайнатып беріпті. Көжені ішіп болғаннан кейін бай Орынбайдан бата қайтаруды тілейді. Сонда Орынбай шаңыраққа қарап отырып:
Иә, Құдайым оңдасын,
Тілеуіңді жолдасын!
Құр көжемен қайтарған,
Сараң бай оңбасын!
Шаңырақ толы етті қой,
Көжеге бата жетті ғой.
Еті тұрып ілулі,
Ұялмаған бетті ғой.
Сен сияқты бай көрсем,
Ат басын тарта жүрем.
Сен сияқты сараңды
Барған елге айта жүрем, –
деп бата беріпті.

Хайырбек ҚОЖАХМЕТОВ.
Қызылжар қаласы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp