«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

СЕНІМ ҰЯЛАТТЫ

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың кезекті Жолдауынан әлемдік дағдарыс жайлап тұрған кезде мемлекетіміздің одан шығу жолдарын тыңдап, көңілім орнықты. Оның нақты жеті жолы қарастырылып, алдын ала ойластырылып қойылғанын білдім. Ең маңыздылары: өнеркәсіпте жаңа секторлар құру (химия, құрылыс, машина жасау, өңдеу бағытындағы кәсіпорындар). Жалпы 80 индустриялық жоба дайындалғаны да айтылды.

Қазақстандағы тұрғындардың орташа өмір сүру жасының ұзақтығы соңғы он жыл ішінде 64-тен 72-ге жеткені қуантты. Бизнесті жандандыру бойынша тұрақты, жағымды ахуал туғыза білген мемлекеттердің ішінен біз жетінші орынды иеленіппіз. Бұл да жағымды жаңалық. Зейнетақы активтерін тапшылықтарды өтеу кезінде ғана пайдалану керектігі атап өтілді. Бұл біздің зейнетақы қорындағы қаржының тұрақты өсіп, мемлекеттің кепілдігінде болатынын білдіреді.  

Елбасы жыл сайынғы Жолдауларында мұғалімдер қауымын, дәрігерлерді, жалпы бюджет саласының еңбеккерлерін назарынан тыс қалдырмайды. Білім саласына 29 пайыз жалақы қосу жөнінде айтылды. Ендігі жерде кәсіптік-техникалық білім беру тегін болатындығы біздің ұжымды ерекше қуантты. Отбасылық, әлеуметтік жағдайына байланысты ақылы оқу орындарына түсе алмай, мамандық иелене алмай жүрген студенттерге бұл өте жағымды жаңалық болды.

Биылғы Жолдау әлемдік дағдарыс жөнінде естіп, үрейленіп жүрген халықты бір серпілтіп, болашаққа сенім ұялатты.

Азамат ЕСІЛБАЕВ,

№23 орта мектеп директорының

оқу ісі жөніндегі орынбасары.

Петропавл қаласы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp