«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

СЕРІКТЕСТІКТІ НЫҒАЙТҚАН САПАР

Солтүстік Қазақстан облысының делегациясы ресми сапармен Қытай Халық Республикасына барды. Қазақстанның ҚХР-дағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Шахрат Нұрышевтің қолдауымен ұйымдастырылған бұл сапар — Қытайдың жетекші корпорацияларымен экономикалық, ғылыми-техникалық байланыстарды нығайту жолындағы маңызды қадам. Бейжің қаласында осы елдің ең ірі мемлекеттік және жеке компанияларымен, сондай-ақ ғылыми-зерттеу орталықтарымен келіссөздер жүргізіліп, жеті стратегиялық меморандумға қол қойылды.

Сапар барысында облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов «CITIC Construction Co., Ltd» компаниясының президенті Ян Цзяньцяньмен кездесу өткізді. Та­раптар ынтымақтастықты кеңейту мә­селелерін, ауыл шаруашылығы өнім­дерін қайта өңдеу, сондай-ақ тау-кен өндірісі саласындағы жаңа бағыттар жа­йын талқылады. 2026 жылы өңірде «Asyl Shugar» серіктестігі «CITIC Construction» компаниясымен бірлесе отырып, қант зауытының құрылысын бастайды. Екі компания арасында стратегиялық келісім бекітілді.

Сонымен қатар қазақ-қытай бірлес­кен ғылыми-аграрлық орталығын құру жөнінде келісім жасалды. Бұл – агро­сектордағы аймақтық мемлекеттік ин­вестициялық холдинг «Henan Agricul-tural Investment Group Co., Ltd» және М.Қозыбаев атындағы СҚУ-дың бірлескен жобасы. Орталық агротехноло­гияларды трансферлеу, қолданбалы зерттеулерді дамыту, сондай-ақ ғылым, білім және бизнестің интеграциясын қамтамасыз ететін маңызды алаңға ай­налады. Жергілікті университет пен «Chinese Academy of Agricultural Sciences» аграрлық технологиялар және ғылыми зерттеулер саласында ынты­мақтастықты көздеп отыр. Жоба тәжі­рибе алмасуды, ауыл шаруашылығына цифрлық шешімдерді енгізуді, бірлес­кен зерттеу бастамаларын дамытуды, мамандардың біліктілігін арттыруды, сондай-ақ агросектордың тұрақты да­муына бағытталған инновациялық платформалар құруды қамтымақ.

Аспан асты елінде «Радуга» серік­тестігі мен «Hubei Jigshan Light Industry Machinery Co» арасында жоғары техно­логиялық жабдықтарды жеткізу жөнін­дегі меморандум жасалды. Бұл әріп­тестік картон шығаратын зауыттың са­лынуын және өндіріс тиімділігін артты­ратын заманауи технологияларды енгі­зуді қамтамасыз етіп, өңір экономика­сының дамуына серпін береді.

Облыс экономикасы үшін тағы бір маңызды жоба – «Qyzyljar» арнайы экономикалық аймағының қатысушысы «Ультрадекор» серіктестігінің ағаш өң­деу зауытын салуы. Осы орайда «China Nuclear Engineering & Construction Corp» компаниясымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Қытайлық компания құрылыс жұмыс­тарының бас мердігері болмақ.

2019 жылдан бері Ғабит Мүсірепов атындағы ауданда «Kazmeel» серік­тестігінің құрамажем өндіру зауыты тиімді жұмыс істеп келеді. Бұл – қытай­лық «Beijing Xiyu Zehua» корпорация­сымен бірлескен жоба. Ынтымақтас­тықты әрі қарай дамыту мақсатында «Kazmeel» мен аудан әкімдігі өзара түсіністік туралы меморандумды бекітті.

Жел энергетикасын ілгерілету бағы­тында облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму бас­қармасы мен жаңа энергетикалық тех­нологиялар саласындағы жетекші ком­паниялардың бірі – «Haitai New Energy Group» арасында меморандумға қол қойылды. Бұл құжат – өңірде жел қуа­тын пайдалану жобаларын іске асыру­дың маңызды қадамы.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp