«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

СОТТАЛҒАНДАРМЕН КЕЗДЕСУ

Құқық қорғау қызметі орталығында облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің Петропавл қалалық пробация қызметі бөлімінде есепте тұрған сотталушылармен кездесу өткізілді.

Аталған іс-шараға Петропавл қалалық прокуратурасының, Петропавл қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту бөлімінің қызметкерлері, сондай-ақ медиаторлар қатысты. Кездесу барысында есепке алынған тұлғалардың мәселелері қаралды.
Мәселен, тас қалаушы дағдысын меңгерген сотталушы М. С. Шулак Петропавл қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту бөлімінің маманына жүгініп, қалада салынып жатқан нысанға жұмысқа жіберілді. Сондай-ақ, сотталғандарға бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтеуге қатысты мәселелер түсіндірілді.
Мұндай іс-шаралар пробация қызметінде есепте тұрған адамдар үшін пайдалы, өйткені әрбір есепте тұрған адамның шешімін күткен мәселесі бар. Сондықтан осындай кездесулер тұрақты түрде өткізіліп тұрады. 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp