«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

СОТ — ӘДІЛДІК ЖАҒЫНДА

“Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексіне соттар жұмысының заманауи форматтарын ендіру, артық сот рәсімдері мен шығындарын қысқарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” Заңда азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтарын қорғауда барлық деңгейдегі соттардың жұмыс сапасын арттыруға басым бағыт берілген.

Азаматтық процестік кодекстің жаңа редакциясында азаматтық сот ісін жүргізу барысында азаматтардың және заңды тұлғалардың бұзылған немесе даулы құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау және қалпына келтіру, істің толық және уақтылы қаралуын қамтамасыз ету, дауды бейбіт жолмен реттеуге жәрдемдесу, құқық бұзушылықтардың алдын алу, қоғамда заңға және сотқа құрметпен қарауды қалыптастырудың негізгі міндеттері белгіленді. Сондай-ақ, тараптардың жарыспалылығы мен тең құқықтылығын қамтамасыз ету мақсатында судьяның рөлін күшейту, белсенділігін арттыру нормалары көзделген. Судья, объективтілікті және бейтараптылықты сақтай отырып, процеске басшылықты жүзеге асырады, тараптардың істің мән-жайын толық және жан-жақты зерттеуге арналған процестік құқықтарын орындау үшін қажетті жағдайлар жасайды. Төрағалық етуші судья іске қатысатын адамдарға құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді, процестік әрекеттерді жасаудың немесе жасамаудың салдарлары туралы ескертеді. Құқықтық көзқарастары мен дәлелдемелерін нақтылайды. Істің мән-жайын талқылай отырып, заңды құқықтарын жүзеге асыруға жәрдемдеседі.
Қызылжар аудандық сотының төрағасы Әбдіқаххар Еркебаевтың мақаласының толық нұсқасын газетіміздің ертеңгі санынан оқи аласыздар.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp