«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

СЫМНЫҢ ДА СОЙҚАНЫ КҮШТІ

Айыртау ауданының Бұрлық орман шаруашылығы ауылындағы өрттің шығуына электр сымдарының қысқа тұйықталуы себеп болды. Ойламаған жерден шыққан от үйдің дәлізі мен шатырын жалмап үлгерді. Мамлют ауданына қарасты Меңкесер ауылындағы тұрғын үйдің шатырсыз қалуына да осындай жағдай әсер етті.

Үш автокөлік техникасы да оттың құрбаны болды. Облыс орталығындағы Рига көшесінде қозғалтқыш сымдарының қысқа тұйықталуынан “Ауди-В4” автомобилінің өлшеу аспаптарының бір бөлігі жарамсыз болып қалды. Осындай жағдай “ВАЗ-2106” автомобилін Шал ақын ауданындағы Қаратал ауылы маңындағы жолда қалдырды. Автокөлік толығымен жанып кетті. М.Жұмабаев ауданындағы Веселовка ауылында “Лада-Приора” автомобилі белгісіз қасақылардың от қоюынан түн ортасында өртенді.

Айыртау ауданындағы Имантау ауылында 5 жасар баланың оттықпен ойнауынан аумағы 242 шаршы метрлік қора-қопсы жанып кетті.

Жыл басынан бері облыста 439 өрт болып, одан 67 млн. теңгеден астам материалдық шығын келді. Отта 28 адам қайғылы қазаға ұшырады, оның 4-еуі – бала. Өртте 23 адам әртүрлі дене жарақатын алды. Өткен аптада 20 өрт тіркелді.

Наталья ПОПОВА,

 облыстық Төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің бас маманы, өртке қарсы қызмет подполковнигі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp