Облыстың тәртіп сақшылары мемлекеттік кіріс департаментінің қызметкерлерімен бірлесе отырып, Петропавл қаласында жұмыс істеген заңсыз ойын ұйымдары желісін анықтады. Ол жерлерде online-казино қызметі көрсетілген. Іздестіру шаралары кезінде құмар ойындары ұйымдастырылған 7 мекенжай анықталды. Аталған қылмысты жасағаны үшін Петропавл қаласының 30 жастағы тұрғыны уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды.
(Өз тілшіміз).