«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Сәби дін аман

Қызылжар ауданының Бәйтерек ауылын­да жоғалып кеткен 6 жасар бала аман-сау отбасына оралды. Сәбиді аудандық полиция бөлімінің тәртіп сақшылары тауып алған.

Полиция аға лейтенанты Алмас Қазбеке­нов пен полиция лейтенанты Дмитрий Бе­лоу­сов кезекшілік атқарып жүрген кезінде Пет­ро­павл – Нұр-Сұлтан тасжолының жие­гін­де тұр­ған баланы байқап қалады. Ол Бәй­терек ауы­лындағы үйінің ауласынан шығып ке­тіп, ада­сып қалған. Поли­цейлер баладан мән-жайды сұрастыра келе оны аудан орталығы – Бескөл ауылын­да тұ­ра­тын әжесіне апарған. Ата-ана­сы ұлын өз­дігінен іздеуге шыққан екен. Олар бала­ла­ры­ның аман екендігіне көздері жеткен соң об­лыстық полиция де­партаменті­нің бастығы, полиция полковнигі Марат Төле­баевқа хат жазып, тәр­тіп сақшы­ларына ри­зашылығын білдірді.

“Халық сеніміне ие бол­ған тәртіп сақ­шылары жолдарда қауіпсіздікті қам­тамасыз ету бағытында әлі де талай игі істер­ді атқа­ра­ды деген ойдамын”, – дейді патрулді по­лиция батальонының командирі Ерлан Мәдиев.

Гүлбике КУБЕНОВА,

“Soltústik Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp