Бүгіндері елімізде көптеген өндірістік компаниялар мен кәсіпорындар пандемияның салдарынан қиындыққа ұшырап, жұмыс уақытын, штат санын қысқартуға, филиалдарын, бөлімшелерін жабуға мәжбүр болып жатыр. Алайда, кейбірінің өндірісін одан әрі кеңейтіп, жаңа инвестициялық жобаларды қолға алып жатқаны туралы жаңалықтар көңілге қуаныш сыйлайды. Өйткені, бұл арқылы жаңа жұмыс орындары ашылады, бюджетке қосымша салық түсіп, облыс экономикасының дамуына оң әсер етеді. “Масло-Дел” компаниясы 2021 жылы “Сбербанк России” акционерлік қоғамының Қазақстандағы еншілес банкімен бірлесіп Петропавлдағы сүт зауытын жаңғыртудың үшінші кезеңін өткізуді жоспарлап отыр.
Осыдан жиырма жылдан астам уақыт бұрын алматылық кішігірім кәсіпорын сүт және май өнімдері өндірісін қолға алуға бекінген кезде оған күмәнмен қарағандар аз болмаған еді. Өйткені, өткен ғасырдың 90-шы жылдарында көптеген елдерде экономикалық жағдай қиын болатын, мұндай кезде жаңа істі бастау батылдықты талап ететін. Десек те, бұл шешімнің қаншалықты дұрыс болғанын уақыттың өзі көрсетіп отыр. Ал қазіргі таңда бұл компания ірі кәсіпорнға айналып, өнімдері еліміздің көптеген дүкендерінің сөресінен табылатын болды. Үлкен супермаркеттен болсын, үй жанындағы кішігірім дүкеннен болсын түрлі өнімдерін кездестіруге болады. Қызыл және қызғылт-сары түсті “МД” деген екі әріптен тұратын логотип танымал болып, осызаманғы сапаның белгісіне айналды.
“Масло-Дел” компаниясы сүт пен майдан бастап, біртіндеп өнімдердің көптеген түрін жасауға көшкен болатын. Бүгіндері кілегейлі сүт пен өсімдік майларына қоса өндірістік мақсаттағы маргарин, майонез, кетчуп, қызанақ пастасы, ұзақ сақталатын сүт, қоюлатылған сүт сынды бір жүзден астам өнім түрін шығарады. Бұл табысқа “Сбербанк России” акционерлік қоғамының Қазақстандағы еншілес банкісінің көмегі көп тигенін атап өту қажет.
– Біз алғашқы күннен бастап сүт және май өндірісі саласын дамытуға бел будық. Ойлаған жоспарларымыздың біразы жүзеге асқаны ұжым мүшелері үшін қуанышты. Бірақ Қызылжар өңірінде сүт өндірісін жақсартуда бірқатар кедергілер орын алды. Сондықтан Петропавлдағы сүт зауытын жаңғыртып, жаңа жабдықтар сатып алып, осы істі жолға қоямыз деп шештік. 2016 жылы нарықты дұрыстап зерттей келе ең жақсы шарттары бар “Сбербанк России” акционерлік қоғамының Қазақстандағы еншілес банкімен жұмыс істейміз деп шешім қабылдадық, – дейді “Масло-Дел” компаниясының қаржы жөніндегі директоры Айдын Тастанбеков. – Бұрын біз басқа қаржы институтының қызметіне жүгінген болатынбыз. Бірақ осы банкпен серіктестік барысында бірден бизнес жүргізудегі олардың еуропалық стилі, жылдамдығы, пайыздық мөлшерлемелері мен қайтарым мерзіміне қатысты тиімді шарттары, кепілді бағалауы – бәрі ұнады. Соның ішінде технологиялық тұрғыдан тиімді тәсіл – келісімшарттарға электронды қол қою мүмкіндігін атап өткіміз келеді. Ол уақыт пен ресурстарды үнемдейді. Соның нәтижесінде “Сбербанк России” акционерлік қоғамының Қазақстандағы еншілес банкімен несиелерімізді алдымен біртіндеп, кейін толықтай қайта қаржыландырдық.
Бұл қаржы институтының несие желісі арқылы “Масло-Дел” компаниясы Петропавлдағы сүт зауытын жаңғыртып, пастерленген сүт өндірісінің желісі сатып алынды, 150 жаңа жұмыс орны ашылды. Жобаның жалпы құны 7 млрд. теңге болса, оның 30 пайызын “Сбербанк России” акционерлік қоғамының Қазақстандағы еншілес банкі қаржыландырды. Одан басқа, өсімдік майларын гидрогендеу бойынша жоба жүзеге асырылды. Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның орталығы – Новоишимка ауылында дақылдарды қабылдау, сақтау және өңдеу зауыты жаңғыртылды.
Осындай әріптесіктің арқасында “Масло-Дел” компаниясы “Петропавловское” және “MilkВо!” сауда белгілері бар сүт өнімдерімен Қазақстанның нарығындағы үлесін 10 пайыздан 27 пайызға дейін ұлғайтты. Сондай-ақ, май мен қоюлатылған сүт өндірісі бойынша да көшбасшы болып, еліміздегі нарықтың 45 пайызын қамтамасыз етіп отыр. Жаһандық өндірушіге айналған “Масло-Дел” компаниясы Қазақстанда шикізат майын өндіруден де бірінші орында. Бүгіндері Ресей, Қытай және Еуропа елдеріне өнімдерді экспорттау жақсы жолға қойылған. Бұл қол жеткізілген қомақты табыстарды компания алдағы жылдары еселей түсері анық.
– Біз әлемді шарлаған коронавирус індетіне байланысты туындаған экономикалық қиын жағдайларға қарамастан өндіріс көлемін кеңейтуді көздеп отырмыз. Бұл мақсатты “Сбербанк России” акционерлік қоғамының Қазақстандағы еншілес банкімен бірге жүзеге асырмақпыз. Өйткені, бұл – табысқа жеткізетін серіктестік, – дейді “Масло-Дел” компаниясының қаржы жөніндегі директоры Айдын Тастанбеков.
Әсет ҚАНАФИН.