Солтүстікқазақстандық велоспортшы Степан Астафьев “Тайвань – 2016” турының екінші кезеңінде жеңіске жетіп, басты классификацияда көш бастады.
Бұл жарыста “Vino 4-Ever” велоклубының мүшесі Степан Астафьев 90 шақырымды бағындырып, “Тау шабандозы” жейдесін жеңіп алды. Сондай-ақ, тур барысында тағы бір жерлесіміз Евгений Гидич үздік ондыққа енді.
Қазірде “Vino 4-Ever” құрлықтық велоклубы жалпыкомандалық есепте 20 команданың ішінде көш бастап тұр.