«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТАРИХИ ОҚИҒА

Біз Ресеймен ежелден көрші елміз. Бұл қатарға Бірыңғай кеден кеңістігі аясында Беларусь қосылып, тұтыну нарығы жөнінен жетінші орынға шығуымыздың өзі Елбасы идеясының өміршеңдігін, стратегиялық таңдауымыздың дұрыстығын байқатты. Осылайша, тату-тәтті қарым-қатынаста тығыз әріптестік қадамдарды жалғастырып келген үш мемлекеттің Еуразиялық экономикалық одаққа бірігуі біз сияқты қарапайым адамдардың қызу қолдауына ие болғанын бөле-жара айтқым келеді. Нарықты кеңейту, бизнеске жаңа мүмкіндіктер ашу, интеграциялық үдерістерді нығайту жаһандану дәуірінің бұлжымас талаптары десек, бүгіннен бастап мақсаты да, өмір сүру ниеті де ортақ қағидатқа негізделетін 170 миллионға жуық тұрғындарды үлкен басымдықтарға ие етіп, жүріп-тұру қозғалысы мен рухани, әлеуметтік жақындасу ықпалдастығын барынша оңайлатары анық.

Осындай тарихи оқиға сәтінде Қазақстанның ұстанған бағдарының өміршеңдігін айғақтайтын мысалдардың саналуандығына көз жеткізе отырып, қол жеткен құндылықтарымыздың одан әрі дами түсеріне шүбә келтірмейсің. Шыны керек, осыдан жиырма жыл бұрын Президентіміз халықаралық қарым-қатынастың озық үлгісі ретінде осы идеяны көтергенде оған күмәнмен қарағандардың қатарында болғанымды жасыра алмаймын. Бүгінде әлемдік мәдениет өркениетінен лайықты орын алып, отыздыққа ену міндетін қойып отырған еліміздің болашағы жарқын, келешегі кемел екеніне нық сенеміз.  

2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енетін үш мемлекет арасындағы Еуразиялық экономикалық одақ мүшелерінің қатары толыға түсеріне күмән жоқ.

Владимир АКСТ,

Мамлютка ұн үгу комбинатының ауысым жетекшісі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp