«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТАЭКВАНДОШЫЛАР ТАБЫСЫ

Семей қаласында ересектер арасында таэквондоның ITF түрінен республикалық чемпионат және балалар арасында халықаралық кубок өтті. Жарысқа еліміздің бірнеше облысынан, Қырғызстан, Өзбекстан және Ресей мемлекеттерінен 400-ден астам спортшы қатысты.

Өңіріміздің намысын он екі таэквондошы қорғаған болатын. Семей кубогының қорытындысы бойынша жерлестеріміз Ульяна Васильева (21 кг-ға дейін) мен Мәлік Сейпиев (+29 кг.) күміс медальдарды еншіледі. Алуа Нұртаева (30 кг-ға дейін), Альбина Әбдірахманова (+39 кг.), Дарья Назарова (50 кг-ға дейін), Әділхан Сейпиев (65 кг-ға дейін) үшінші орындарға ие болды. Кирилл Орлов (+39 кг.) алтыннан алқа тағынды.

Ересектер арасында ұйымдастырылған республикалық чемпионаттың нәтижесінде қара белбеу иегері Айнұр Қадырменова екінші орынды олжалады. Роман Урюкин (+78 кг.) де күміс медальдың иегері атанды.

 Дулат ҚОЖАХМЕТОВ, “Soltústіk Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp