Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің өкімімен Жанат Ғаббасұлы Сәдуақасов облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы болып тағайындалды.
Жанат Сәдуақасов 1981 жылы туған. Білімі жоғары, М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін инженер-механик мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2003 жылғы қыркүйекте “Петропавл ауыр машина жасау зауыты” акционерлік қоғамында инженер-конструктор болып бастаған.
2007 жылғы сәуірден 2010 жылғы сәуірге дейін облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бас маманы, кейін бөлім басшысы болып еңбек етті.
2010 жылдың сәуірінде облыс әкімінің бас инспекторы қызметіне тағайындалды.
2011 жылдың маусым айынан осы тағайындауға дейін облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары қызметін атқарды.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі.