Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің және Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының келісімі бойынша Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ерік Сұлтановтың өкімімен Асқар Әбдуғалиұлы Бегманов Мағжан Жұмабаев ауданының әкімі болып тағайындалды.
Асқар Әбдуғалиұлы 1975 жылы Алматы қаласында туған. Қазақ мемлекеттік заң университетін, Халықаралық қатынастар институтын тамамдаған, мамандығы бойынша заңгер, экономист.
Еңбек жолын 1997 жылы Алматы қаласындағы Түрксиб ауданы прокурорының көмекшісі болып бастаған. 1997-2000 жылдары Алматы қалалық әділет басқармасының бас маманы болып істеді. 2000-2003 жылдары – Алматы қаласындағы Әуезов ауданы прокурорының көмекшісі, аға көмекшісі, 2003-2006 жылдары Алматы облысының Талдықорған қаласындағы “Талдықорған сусындары” ЖШС-нің бас директоры қызметтерін атқарды.
2006-2007 жылдары – Алматы қаласындағы “КМГ-Алатау” ЖШС-нің бас заңгері, 2007-2008 жылдары Астана қаласындағы “ҚазМұнайГаз” сауда үйі” АҚ-ның құқықтық қамтамасыз ету және контрактілер мониторингі департаментінің аға заң кеңесшісі болды.
2008-2009 жылдары арасында Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі әкімшілік жұмыстар және халықаралық ынтымақтастық департаменті кадрлық және ұйымдық жұмыстар басқармасының бастығы қызметін атқарды.
2009-2010 жылдары – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесі ұйымдық жұмыстар және әлеуметтік даму бөлімінің бас инспекторы, 2010-2012 жылдары Солтүстік Қазақстан облысындағы Есіл ауданының әкімі болды.
2012-2013 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы болып істеді. 2013-2014 жылдары – Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі мемлекеттік бақылау және ұйымдық-аумақтық жұмыстар бөлімінің мемлекеттік инспекторы.
2014 жылдың қазан айынан осы тағайындауға дейін Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Автомобиль жолдары комитеті төрағасының орынбасары болып еңбек етті.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі.
