«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТАҒАЙЫНДАУ

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің және Жамбыл аудандық мәслихаты депутаттарының келісімі бойынша Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ерік Сұлтановтың өкімімен Иван Иванович Турков Жамбыл ауданының әкімі болып тағайындалды.

Иван Иванович Турков 1976 жылы Көкшетау облысының Красноармейск қаласында туған.

Қазақстан тұтынушылар одағының Қарағанды экономикалық университетін, “Фемида” заң академиясын қаржы менеджері, заңгер мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1993 жылы Красноармейск есеп айырысу-кассалық орталығының операторы болып бастады.

Әр жылдары Красноармеец ауданы бойынша салық инспекторы, Тайынша қаласындағы “Апако” ашық акционерлік қоғамының экономика, болжау және қаржы қызметінің маманы, Тайынша ауданындағы салық инспекциясының қызметкері, осы аудандағы Абай ауылдық округінің әкімі, Тайынша ауданы әкімінің орынбасары және аудан әкімі болып қызмет етті.

Осы тағайындауға дейін Тайынша ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp