«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТЕГІН ҚҰҚЫҚТЫҚ КӨМЕК

Мемлекет тарапынан тегін құқықтық көмек алуға болатынын естіген едім. Мұндай жеңілдіктер кімдерге жасалады?

Жұпар АХМЕТОВА,

І топтағы мүгедек.

Оқырман сауалына облыстық мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы Бердібек Мұстафин жауап береді:

– Ата Заңымызға сәйкес мемлекет кепілдік берген заң көмегі өз құзыреті шеңберінде барлық мемлекеттік органдар және адвокаттар, нотариустар және жеке сот орындаушылары тарапынан адвокаттық, нотариаттық қызмет, атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы заңдарымен, сондай-ақ, өзге де нормативтік-құқықтық актілермен қарастырылған тәртіпте көрсетіледі. Құқықтық консультация беру, азаматтар мен заңды тұлғалардың мүддесін соттарда, қылмыстық ізге түсу және өзге органдарда құқықтық іс жүргізу заңнамасымен және адвокаттық қызмет туралы заңымен қарастырылған тәртіпте жүргізіледі.

Өз кезегінде барлық мемлекеттік органдар “Жеке және заңды тұлғалардың арыз-шағымдарын қарау тәртібі туралы” еліміздің заңымен белгіленген тәртіпте азаматтарға құқықтық көмек көрсетеді. Ал “Адвокаттық қызмет туралы” Заңның 6-бабына және ҚР “Азаматтық іс жүргізу” кодексінің 114-бабына сәйкес мұндай жеңілдік төмендегі тұлғаларға беріледі:

1) соттарда асыраушысының қайтыс болуы, жұмысқа байланысты мертігуі немесе денсаулығының өзгедей зақымдануы арқылы келтірілген зиянды өтеу туралы істерді қараған кезде қуынушыларға;

2) егер сотта қаралып жатқан дау кәсіпкерлік қызметпен байланысты болмаса, Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен оларға теңестірілген адамдар, мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер, І және ІІ топтардағы мүгедектер, жасы бойынша зейнеткерлер болып табылатын қуынушылар мен жауапкерлерге;

3) алименттер өндіріп алу, зейнетақы мен жәрдемақылар тағайындау, ақтау, босқын немесе оралман мәртебесін алу мәселелері бойынша жеке тұлғаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған кәмелетке толмағандарға, қажет болған жағдайларда құқықтық сипаттағы жазбаша құжаттарды жасайды.

Азамат заң көмегіне ақы төлеуден босату және оның атынан өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеу туралы өтінішхат жазып және өзінің заң көмегін тегін алу құқығын растайтын құжаттар мен басқа да дәлелдемелерді қоса тіркеуі тиіс. Сот өтінішхатты қарау нәтижесі бойынша тұлғаны мемлекет кепілдік берген заң көмегіне ақы төлеуден және оның атынан өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеуден босату туралы немесе өтінішхатты қанағаттандырудан бас тарту туралы дәлелденген ұйғарым шығарады. Шығыстарды өтеуден босату туралы ұйғарым дереу облыстың адвокаттар алқасына жіберіледі, олар сот белгілеген мерзімде адвокаттың сотқа қатысуын қамтамасыз етуге міндетті.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp