Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері тұрғылықты жерінде бұрын сотталған облыс орталығының 49 жастағы тұрғынын ұстады. Оның үйінен қызметтік-іздеуші ит есірткі заты бар полимер пакетін тапты. Сараптама оның 32 грамм героин екенін анықтады. Сондай-ақ, жедел іс-шаралар аясында одан есірткі заттары бұған дейін де сату кезінде тәркіленген болатын.
Тексеру жұмыстары күдіктінің «Телеграмм-канал» мессенджері арқылы есірткі сатып алғандығын анықтауға мүмкіндік берді. Онлайн-төлем жасағаннан кейін ол хабарламада көрсетілген жерден ұнтақты алып жүрген. Героиннің бір бөлігін өзі пайдалану үшін, ал екінші бөлігін одан әрі сату үшін алған. Ұсталған адам қамауға алынды. Қазір есірткімен қамтамасыз ету арнасын анықтау бойынша шаралар қабылдануда.