«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТИІМДІ ТӘСІЛ

“Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға беру қағидаларын бекі­ту туралы” Қазақстан Республика­сы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы бұй­рығына сәйкес мемлекеттік мүлік заңды және жеке тұлғаларға сенім­герлік басқаруға беріледі. Ол қағаз түрінде келісімшарт жасасу арқы­лы жүзеге асырылады.

Департамент басшылығы бұл жұ­мысты жеңілдету мақсатында Ұлттық экономика министрлігіне ке­лісімшарт жасасу рәсімін www.gosreestr.kz сайты арқылы жүр­гізу қажеттігі туралы ұсыныс жіберген болатын. Себебі, келісім-шарт элек­тронды сандық қолтаңбаның көме­гімен жасалған уақытта сыбайлас жемқорлық әрекеттердің туын­дауына жол берілмейді. Қазіргі уа­қытта бұл мәселе Үкіметте қарас­тырылуда.
Мемлекеттік кәсіпорынның мү­ліктік кешені, бағалы қағаздар, жар­ғылық капиталдағы қатысу үлес­тері, жылжымайтын мүлік, мемле­кетке тиесілі ақша, сондай-ақ, өзге де мемлекеттік мүлік келісімшарт нысанасы бола алады. Мысалы, об­лыстық мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті жиһаз жасау, киім тігу цехтары, көкөніс өсіруге арналған жылыжайлар, сондай-ақ, автокөлік және өзге техниканы жөндеу стансалары, бос үй-жайларды сенімгерлік бас­қаруға береді. Бұлардың басым бөлігі қылмыстық-атқару жүйесі органдарына тиесілі. Оларды ешқан­дай тендерсіз-ақ жеке кәсіпкерлерге сенімгерлік басқаруға беруге болады. Осылайша, темір тордың арғы жағында жазасын өтеп жүр­ген­дер тұрақты жұмыспен қамты­лады.
Бүгінгі күні департаментте 8 се­німгерлік басқару келісімшарты бойынша жұмыс жүргізілуде. Атап айтқанда, Ішкі істер министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесіне қарас­ты 5 бос нысан келісімшарт бойын­ша жалға берілді. Сөйтіп, сот­талғандардың ішінен 45 адам жұмысқа орналастырылды. Мемле­кет­тік мүлікті сенімді басқарудың шарттары бойынша жиһаз және тігін бұйымдарын жасау, жаңбырдан қорғану бүркеніштерін дәне­керлеу, киім тігу, сондай-ақ, көкөніс өсіру өндірісі жолға қойылған.
Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға берудің өз ерекшеліктері бар. Атап айтқанда, келісімшартқа отырған кәсіпкер ғимарат үшін ай сайын жалдау ақысын, комму­налдық қызметтерді төлемейді. Ал ны­санды басқарудан түскен таза кіріс бюджетке түседі. Себебі, мемле­кеттік мүлікті сенімгерлік басқару шарты бойынша мемлекет пайда алушы болып табылады. Ал кә­сіпкер тек пайда алумен шектелмейді. Ол, сондай-ақ, сенімді басқа­рушының нысанына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу, азаматтарды жұмысқа орналастыру, өнім өндіру немесе тауарлар мен қызметтердің түрлеріне баға белгілеу сияқты шарт талаптарын орындау арқылы да пайда табады.

РИНАТ НИЗАМОВ, облыстық мемлекеттік мүлік және

жекешелендіру департаментінің бас маманы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp