«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТРОЛЛЕЙБУСТІҢ ОРНЫНА– АВТОБУС

Жуырда Петропавлдағы соңғы №1 троллейбус бағыты жабылған болатын. Енді тұрғындарды осы бағытта жаңа 1Т автобус қатынасы ашылғаны қуантып отыр.

Кешегі күннен бастап аталмыш бағытта “Аврора–ТрансСервис” ЖШС-і жолаушылар тасымалы кәсіпорнының 10 жаңа “ПАЗ” автобусы жұмыс істей бастады. Ресейдің Павлов автомобиль зауытының жаңа үлгідегі жолаушылар көліктерінің іші жайлы әрі кең, отыратын 16 орыннан басқа тағы осынша адамның түрегеп тұруларына болады. Автобус бұрынғы троллейбус бағыты бойынша теміржол вокзалынан Петропавл ауыр машина жасау зауытына дейін қатынайды.

Тоқтар ЗІКІРИН,

“Солтүстік Қазақстан”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp