«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТУҒАН ӨЛКЕ ТАРИХЫ — ТӘРБИЕ БАСТАУЫ

Жастарды елжандылыққа, отансүйгіштікке баулу үшін ең алдымен оларды ұлтымыздың салт-дәстүрлері мен мәдени құндылықтарын сақтауға шақыруымыз керек. Өз халқының тарихынан, рухани қазынасынан сусындап өскен ұрпақ ел мүддесі жолында қызмет етері сөзсіз. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев “Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру” мақаласында жалпыұлттық құндылықтарды насихаттаудың маңызын сөз етіп, бұл орайда жас толқын арасында нендей шаралар жүргізу керектігіне кеңінен тоқталған болатын.

Тәрбиелік мәні зор мақаладағы міндеттер негізінде облыс орталығындағы мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған №2 арнайы түзету мектеп-интернатында екінші жыл қатарынан “Туған жер” бағыты бойынша мектеп оқушыларының қатысуымен зерттеу, іздестіру және шығармашылық жұмыс жүргізілуде. Бұған дейін оқу бағдарламамыздың шеңберінде “Қазақ халқының ұлы тұлғалары”, “Рухани жаңғыру” тақырыбында жобалар ұйымдастырған едік. Олардың бәрінде біз оқушыларға тарихымызды тереңнен оқуға, халқымыздың біртуар тұлғалары көтерген мәселелерді осызаманғы тыныс-тіршілікпен байланыстыруға үйреттік.
Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған №2 арнайы (түзету) мектеп-интернатының директоры Ризабек Кәкпеновтің мақаласының толық нұсқасын газетіміздің бүгінгі санынан оқи аласыздар.  

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp