«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТЫҒЫЛЫП ТОЙ ӨТКІЗГЕН

Әлемді үрей құшағында ұстаған пандемияның салқыны біздің елімізді айналып өткен жоқ. Алайда, салдары ауыр соққан індеттен облыс орталығындағы мейрамханалардың иелері сабақ алмаған секілді. Ақша табуды ғана мақсат тұтқан олар аурудың таралуына бас қатырмауда.

Петропавлдағы “Эмират” және “Созвез­дие” мейрамханаларында жасырын той өт­кені туралы ақпарат расталып отыр. Екеуінде де 100-ден астам адам жиналған, бұл карантиндік шектеу шараларын бұзу болып табылады. Қазіргі уақытта облыстың бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің жарлығымен адамдар көп жиналатын кез келген салтанатты іс-шараларды өткізуге тыйым салынған. Тойдың үстінен түскен учаскелік полиция инспекторлары қолданыстағы заңнама­ның тиісті бабы бойынша материалдар жинақтап, мекеме иелері мен тапсырыс беру­шілерге қатысты әкімшілік шаралар қолдану үшін облыстық тауарлар және көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне тапсырды.

“Мұндай тойларды ұйымдастырушылар айыппұл төлеуді ғана емес, жауапкершілікті де түсінулері тиіс. Біз іс-шараларды тоқтатуға міндеттіміз. Ең бастысы, сол жерде жұмыс істейтін адамдарға және тойға келген қонақтардың денсаулығына толығымен жауап беруі қажет”, – дейді Петропавл қалалық полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары Әлібек Ғабдуллин.

Сондай-ақ, демалыс күндері Петропавлда түнгі сағат 12-ден кейін екі сауна жұмыс істегені анықталды. Тиісті орындар қыркүйек айында облыс аумағында карантинді бұзудың 99 фактісін анықтады. Олардың әрқайсысы бойынша тиісті шешім қабылданатын болады.

Нұрбек БАЕКИН,

облыстық полиция департаменті ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімінің инспекторы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp