«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТІЛ МЕРЕЙІ – ЕЛ МЕРЕЙІ

Тіл академиясы облыстық білім және тілдерді дамыту жөніндегі басқармалармен бірлесе отырып, “Мәңгілік Ел – мәртебелі тіл” тақырыбында облыстық шығармалар байқауын ұйымдастырды. Сайысқа 90-нан астам үміткер қатысып, олардың арасынан қазақ және орыс тілдерінде жазылған үздік 10 еңбек іріктеліп алынды. Қазылар алқасы еңбектерді бағалау кезінде тақырыптың ашылуы мен баяндауындағы ерекшеліктерді, әдеби материалды пайдалану деңгейін, сауаттылығын ескерді. Қазақтілді шығармалар арасынан Әбу Досмұхамбетов атындағы дарынды балаларға мамандандырылған гимназия-интернатының оқушысы Жайна Балтабай, ал орыс тіліндегі еңбектердің ішінен Тайынша ауданындағы Петровка орта мектебінің шәкірті Евгений Весельский 1-орынды иеленді.

(Өз тілшіміз).

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp