Облыстық ішкі істер департаменті жергілікті полиция қызметінің тәртіп сақшылары түнгі уақытта Петропавл қаласының көшелері мен көңіл көтеру орындарында болатын құқық бұзушылықтарды ашу мақсатында рейдтік шаралар өткізді. Соның нәтижесінде 26 құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде түнгі уақытта ересектердің қарауынсыз көше кезген кәмелетке толмаған үш бала ұсталды. Шара барысында қоғамдық орындарда масаң күйде болған 11 адамға шара қолданылды.
Юрий КЛЫКОВ,
облыстық ішкі істер департаменті
баспасөз қызметінің аға инспекторы.