Тәртіп сақшылары облыс орталығындағы жанар-жағармай бекеттерінің біріне қарақшылық шабуыл жасаған күдіктілерді іздестіруде. Бетперде киген екі жігіт күзетшіні балтамен қорқытып, кассадағы 1 миллион 300 мың теңгені тонап кеткен.
Оқиға түн жарымда болған, бетперде киген қарақшыларға күзетші есікті ашқаны, оларға қарсылық көрсетіп үлгермегені бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Бүгінгі күні күдіктілер іздестірілуде. Облыстық ішкі істер департаменті басшылығы осы қылмыстық оқиғаға байланысты арнайы топ құрып, жағдайды бақылауға алды.
(Өз тілшіміз).