Өткен аптада полиция, прокуратура қызметкерлері, облыстық тауарлар және көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің мамандары қаланың көңіл көтеру орындарына рейдтік іс-шаралар жүргізді. Дәмханалар мен мейрамханалар әлеуметтік ара қашықтықты ұстауы, салтанатты іс-шараларға тыйым салуы, жұмыс уақыты бойынша шектеулерді қамтамасыз етулері тиіс. Шектеу іс-шаралары енгізілгелі облыс орталығында қолданыстағы заңнама талаптары 700-ден астам рет бұзылғаны анықталды.
Ульянов көшесіндегі коттеджін жалға берген үй иесіне айыппұл төлеуге тура келеді. Рейд кезінде шамамен кешкі сағат 21-де полицейлер коттеджде достарының 18 жасқа толуын тойлап жатқан жастарды анықтаған. Қонақтардың арасында 15-17 жасар жасөспірімдер болған. Мұнымен қоса, басқосуда алкогольдік өніммен бес литрлік төрт ыдыс табылған. Сауық кештің барлық қатысушылары әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Кәмелетке толмағандар үшін ата-аналары жауап берді…
Рейд кезінде түн ортасына дейін Кирпичная көшесіндегі «Павлин» дәмханасы жұмыс істегені анықталды. Сондай-ақ, шамамен түнгі сағат 3-те «Royal palace» ойын-сауық кешенінің караоке-барында кетуге асықпай, бас қосып отырған қала тұрғындары болған. Оның иесі карантиндік шараларды бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылды. Өткен аптада заң талаптарын бұзғандарға қатысты 27 материал жиналды.