Дарынды ғалым, ұлағатты ұстаз, парасат мейірімімен қоршаған ортасында құрметі зор академик Аманжол Қошанов сексен бестің төріне аяқ басып отыр. Жасынан ғылым жолын таңдаған ол бүкіл ғұмырын экономика саласының дамуын барынша табандылықпен, өзіне тән байсалдылықпен жан-жақты зерттеуге арнады. Осының арқасында ғылым әлемінде оның ойып тұрып алған құрметті орны, абыройлы биігі бар. Соңынан ормандай шәкірт ерткен кемел ой иесі даярлаған ғылым кандидаттары мен докторлары тұтас бір ғылыми-зерттеу институтын толығымен жасақтауға жетеді. Ұзақ жылдар бойғы жемісті еңбегімен, парасат-пайымымен ғылым сардары атанған, ақсақал дәрежесіне көтерілген ғалымның мерейтойына арналған мақалаларды газетіміздің 4-5 беттерінен оқи аласыздар.