«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Тұрақтылықтың іргетасы

Бүкіл адамзат баласының ұлттарға бөлініп, қауымдасып өмір сүруі, бір-бірінен ерекшеленуі – Жаратушы Алла тағала­ның даналығы, мейірімі мен нығметі. Құран Кәрімнің “Хужурат” сү­ресінде: “Ей, адамдар! Негізінде, Біз сендерді бір ер және бір әйел­ден жараттық әрі сендерді бір-бірлеріңді танып, білулерің үшін халықтар мен рулар етіп жасадық. Анығында, Алланың ал­дындағы сендердің ең құрметтілерің – тақуаларың”, – делінген.

Бірде Айша анамыз (р.а.) Алла елшісінен (с.а.с.): “Уа, Расулалла! Менің екі көршім бар, сыйды қай­сысына берейін?” – деп сұраған­да, Алла елшісі (с.а.с.): “Есігі ең жақын орналасқанына”, – деп жа­уап берген. Бұл хадис барша­мыз­ды өзге ұлт немесе дін өкілі бол­ғанына қарамастан, адамдармен жақсы қарым-қатынаста болуға, мейіріммен қарауға, қайы­рымдылық жасауға шақырады.

Өткен демалыс күндері елі­мізде бір шаңырақ астында тату-тәтті күш кешіп жүрген барша ха­лықтарды ортақ мақсатқа жұмыл­дыратын жарқын мереке – Рухани келісім күні аталып өтті. Осыған орай ұйымдастырылған шара­лар­дың бірі – облыс орталығын­дағы “Қызылжар” қалалық меші­тінде өңіріміздің дәстүрлі дін көш­басшыларының қатысуымен өт­кен “дөнгелек үстел” отырысы. Жиын барысында дін қызмет­кер­лері елімізде тұрақтылық пен ке­лісімді сақтау, этносаралық кон­фессия жайлы баяндамалар жа­сады. Әр тарап діндер арасында­ғы татулық, достықтың маңызы ора­сан зор әрі еліміздің жарқын бо­лашағы үшін қажет екендігін атап өтті. Халқымыздың татулығы мен бірлігі еліміздің дамып, өр­кендеуіне септігін тигізеді. Осы байлығымызды қадірлей білу және оны жас ұрпақтың жүрегіне ұя­лату – баршамыздың мін­де­тіміз.

Қасымхан ИСАЕВ,

“Қызылжар” қалалық мешітінің бас имамы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp