«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТҰРҒЫНДАР ДӘН РИЗА

Афонькино елді мекенінде жұмыс істейтін фельдшерлік-акушерлік пункт ғимаратының тозғаны соншалық, сыртқы көрінісіне қарап, тұрғындардың өздері ұялатын. Сырттан біреу-міреу келе қалса, жерге кіріп кете жаздайтын. Айналасына арамшөп, ағаш бұталары бойлай өсіп кеткендіктен, иесіз қалған нысанға көбірек ұқсайтын.

Ауылдастарының өтініш-тілектерін “Стан” ЖШС-нің директоры, аудандық мәслихаттың депутаты Қанат Бекенов жерге тастаған жоқ. Шаруашылық есебінен 15 млн. теңге бөліп, ғимаратты адам танымастай етіп жөндеп берді. Төбесі, есіктері мен терезелері түгел ауыстырылды. Су, кәріз, жарық жүйелері тартылды. Электрлі қазандық орнатылды. Аумағы тазартылып, сырты қоршалды. Екпе, акушерлік, емдеу кабинеттері, санитарлық бөлме ашылды. Қазір бұрынғы қалпымен салыстыруға мүлдем келмейді. Науқастар фельдшерлік-акушерлік пунктке жайдары жүзбен келіп, ауруларынан айығып кеткендей күйге бөленуде.
Мектеп үйінің материалдық-техникалық базасын жақсартуға көмектескен халық қалаулысы жөнделуі тиіс ауыл жолының жобалық-сметалық құжаттарын рәсімдеуге де қаржы бөлді.

Халида ШАГВАЛЕЕВА 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp