«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТҰҢҒЫШ ДЕРЕКТАНУШЫ

Шынайы ғалымның мұрасы – таусылмас қазына, сарқылмас ой, терең білім бұлағы екендігі анық. “Хаты өлмей”, бір емес бірнеше ғылыми саланың негізін қалыптастырып, алғашқылардың бірі болып болашаққа жол салған ғалымдар әлемде сирек кездеседі десек, артық айтқандығымыз емес. Қазақ халқының тарихында өзіндік орны бар Шоқан Уәлиханов осындай теңеуге әбден лайық, Ол шын мәнінде қазақтың маңдайына біткен біртуар тұлға еді.

Ұлы ғалым келер ұрпақтарға құнды ғылыми-әдеби мұра қалдырып, жағрафия саласының негізін қалыптастырды. Ұлтымыздың төл деректерін ғылыми тұрғыда зерттеп, көне мұраларымыздың ғасырлар бойы сақталып қалуына зор үлесін қосты. Халқымыздың біртуар азаматы қазақ-қырғыз тарихына қатысты деректерді іздестіріп, оларды орыс тіліне аудару жолында үлкен істер атқарды. Шоқан – ағайындас қос ұлттың әдеби мұраларының үлгілері туралы ой-тұжырымдарын қағаз бетіне түсірген алғашқы ғалым. Оның “Қазақтың халық поэзиясының үлгілері туралы”, “Орта жүз қазақтарының аңыз-ертегілері”, “Он сегізінші ғасырдың батырлары туралы тарихи аңыздар”, “Едіге мен Тоқтамыс туралы аңыз”, “Едіге”, “Шона батыр” атты шығармаларын осы салада жазған еңбектерінің қатарына жатқызуға болады.
М.Қозыбаев атындағы СҚУ жанындағы “Рухани жаңғыру” әлеуметтік-гуманитарлық зерттеулер институтының директоры Зауре Қартова мен “БЭСТ” гимназиясының мұғалімі Лейла Зейнуллинаның Шоқан Уәлихановтың 185 жылдығына арналған мақаласын газетіміздің ертеңгі санынан оқи аласыздар.
 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp